Армандастар, құрдастар

Ұят та болса айтайын, менің (алтын ұям, алтынға бергісіз деп алдай алмаймын, орташа мектеп негізі) мектептен түлеп ұшқаныма биыл бақандай 10 жыл толады. Ескілердің салтымен, 25 мамыр мектептің алаңында бас қосып, соңғы қоңырауды тамашалайтын шығармыз.
Мектепте жүргенде арманымыз аз еместін, практикада тексерілмеген теорияларымыз көп еді. Жоғарғы класста жүргенімде дәрігер, біресе экономист, одан қалды заңгер болуды армандадым. Мектеп бітірердеге әкемнің «құрылысшы боласың» деген бір ауыз сөзі орындалды. Қазір шамамен 6 жылдық тәжірибесі бар маман болдым (болған сияқтымын).
Өткен 10 жылдың ішінде өмірдің олай да, бұлай да сынағына алынып, қиыншылыққа төтеп беріп келе жатырмын. Мінез де біршама өзгерген, баяғыдай шынайы күлкіні де есту әзір көп бола бермейтін құбылыс.
Не керек, ойда қырда айтпағым, бұрынғыдан өзгергенмін, сыныптастар да өзгерген болар (міндетті түрде өзгерген), кездесе қалсақ әңгімеміз жарасар ма екен? Отырсам опақ, тұрсам сопақ болып, өзгепланеталық әрекеттер жасайтын сияқтымын.

Explore posts in the same categories: жеке ойым

5 пікір on “Армандастар, құрдастар”


  1. Ол барлығында болатын алай дүлей ғой. Қалыптылық мүмкін солай болар. Дүнияның барлық тірлігін тастап, балғын шақты бірге атырған күнге қайтып келгендей боласың. Ол жерде әңгіме жараспау мүмкін емес… Сәттілік.

  2. vkototy Says:

    Басында біраз бір-біріңе тосырқап қарайтын боласыңдар, іле-шала балалық шақтағы ойлар көз алдыңа тізбек-тізбек еніп, өзіңді сонаууу бал-балалық дәуренге қалай жетелеп кеткенін сезбей қаласың,ра айтам.


  3. Бәрібір тура 11 сыныптағыдай ешкім емен жарқын бола қоймас. Бәрі өздерінше бір әлем болып отырады. Жай ғана ауылға барғанда да кластастар ұйымшыл жиналғанмен, бәрі бөтен адам боп кеткен ғой, жылағың келсе де амал жоқ, өзгерген біз емес, өмір.
    10 жылдық деген керемет қой, барып тойлап қайт естен кетпестей қылып.


  4. Армандастар,құрдастар тақырыбындағы кездесу туралы күдікке келіспеймін№Неше жыл өтсе де кездескенде еш жатыркамай мәре сәре боп каламыз.Сондықтан еш күмәнсіз барып қайту керек!


  5. Толық келісемін.


Пікір қалдыру