Posted tagged ‘көлік’

Көтер қолыңды, енді биле-биле!!!

18/02/2011

Кезінде, біздің кезімізде 🙂 дискотеканың түнгі клубқа қарағанда абыройы ажаптауыр мол кезде керемет биші болмасам да, би алаңына барғанды ұнататынмын (кішкентай қалада жалғыз қызық сол дискотека болғандықтан да болар). Опшым бұрындары, осыдан 10-15 жыл бұрындары, касета мен магнитофонның дәуренінде касета жинақтау мода болатын еді. (толығырақ…)

Кемедегі төртеу

02/02/2011

Бұл менің таксилетіп жүріп көрген неше түрлі жол серіктерім. Бұл топқа әлі талайы кірмей қалған да шығар, бірәқ менің есімде ерекше әсер қалдырғандары осы.

1. Өзге әлемдіктер
Олар машинаға міне салысымен, қасындағылармен шаруасы жоқ, құлағына есту құралын мықтап тығып алып өзіне ғана емес, өзгеге де естілетіндей етіп бақыртып музыкасын қосады. Болды, «ушла в себя, вернусь не скоро» дегендей жым болады. Тап осы топқа еш кастингсіз кіретін тағы бір адамдардың түрі бар, олар мобильді агентте отырады. Біресе жымиып, біресе аларып, өз кайфы өзінде болып отырады әйтеуір. Міне сала тура бір сағаттық ұйқыға кететіндерді де осы топта деп ұғыңыздар. (толығырақ…)

Ең бастысы бас аман, қалғаны келер-кетер

29/01/2011

Өткен аптадағы сенбілік минибаркемптен соң, сыртқа шықсақ далада қар борап тұр екен. Қалада әлі қар тазарту жұмыстары басталмапты, ал Алматы-Талғар тасжолын жақсылап тұрып тазалап жүр екен. Менің өткен жолғы жазбамды биліктегілер оқыған-оқымағанын білмедім, бірәқ дұғаларым 7 қабат көкке жеткен сияқты. Тіпә-тіпә дүйсенбі таңертең тасжолға құм сеуіп, қарын сүріп жүр екен. Ал Алматыда қар жауған күйі әлі жатыр, тіпті жолдарымыз мұз. Дүйсенбі кешкісін жұмыстан қайтып бара жатқанда «Саяхат» автовокзалының маңындағы жол айырығындағы тоннельден шыға берісте мәшинеміз мұзға тайғанап жолды екіге бөліп тұрған темір-труба қорғанға соғылып, сырылып барып алдымыздағы Лексус мәшинесін сырып, мәшине әзер тоқтады. (толығырақ…)

Жолшыбай такси 4

03/11/2010

Осы иіске қалай қарайсыз? Бәрібір жағымды болсын, жағымсыз болсын мұрыныңыз бен көзіңізге әсері қалай? Көліктің қайсысы болмасын, бөтен адамдармен бірге жүрген соң неше түрліні көріп, неше түрлісін амалсыз иіскейсің. Алдымен жағымдысынан бастайын. (толығырақ…)

Қайда асықтың?

03/11/2010

Майлықожаның термесінде «Ажал келсе жатқызар, маңдайдан басқан ұйқыдай» деген жолдары бар еді. Денсаулығы болмай ауырып, ұйықтап оянбай қалу, жүрегі тоқтап қалу деген өлім түрлеріне онша мән бермеймін. Тәні мен жаны қиналып өлгеннен сақтасын! Алла тәніңді қандай қылып жаратса, сондай етіп (медициналық отаудан бөлек, неше түрлі жан түршіктірерлік оқиғалардың салдарынан кейбір мүшелерден айырылу) өзіне қайтару да дұрыс сияқты. (толығырақ…)

“Қоғамдық көлік 2″

26/10/2010


Бүгін кешкі (26.10.2010) сағат 18:10 шамасында жұмыстан шыға сала, аялдамаға үйрене бастаған әдетімше, жеделтедіп жетіп бардым. Бүгін Абылай хан көшесі неге екені белгісіз, көліктермен кептеліп тұр. Әлі тұрмын, әлі тұрмын автобусым келетін түрі жоқ, қарап тұрғанша Мақатаев көшесінің бойынан отырайын автобусқа деп жаяулатып төмен қарай түсе бастадым. (толығырақ…)

Жолшыбай такси 3

25/10/2010

Бейсенбі күні (21.10.2010) кешегі күні көрген азабымды ойлап, бүгін бірәз ширақ болайын деп жұлқынып колоннаның алдына келіп тұра қалдым. Артымда бағанадан бері тұрған күрді (түрік па) қыз (келіншек, әйел), «жаңа ғана келіп, пысығын-ай алдыма тұрып алып» деп былшылдап жатыр. Қолымды көтере қалып едім (толығырақ…)

Жолшыбай такси 2

24/10/2010

Балдырғанның ізімен 🙂
Осылай бір тақырыпқа жабысып, нешетүрлі оқиғаларымды жаза отырайын.
Сенбі күні (20.10.2010) кешке Алматының көшелерінде не болғанын айту түгілі жазу мүмкін емес. Арықтан фонтан болып атқылаған су, аялдамаға қай жағынан да айналып барсаң да, су тобықтан асардай, амалсыздан жолдың бойындаға бордюрге шығып тұруға тура келді. (толығырақ…)

Жолшыбай такси

08/10/2010

Талғарға бару өте оңай, Райымбек даңғылының бойында (Пушкин көшесінің қиылысы, тіптен жолға шығып алсаңыз да, ешкім ештеңе демейді) тұрасыз, бітті Талғарға баратын мәшинелер тоқтап, алып кетеді сізді. Бірәқ аздап ширақтау болмасаңыз, үйіңізге бүгін жетпейсіз, пысықсынып, отырып алған абзал 🙂 (толығырақ…)

Қоғамдық көлік

07/10/2010

Керемет тақырып болған қоғамдық көліктен айналдым, Алматылықтардың ең керемет әңгімелерінің бірісің ғой «маршрутка»! (толығырақ…)