Білектілер сайысынан

Осы айдың алғашқы күндері Жаңатас қаласында Қол спортының бапкері, спорт ардагері Тастанбек Асқарбекұлының мерей тойына арнайы ұйымдастырылған қол күресі мен кір тасын көтеруден облыстық ашық турнир болып өтті. Турнир С.Сейфуллин атындағы орта мектептің спорт залында өтті. Бұл іс шараға Тараз қаласынан, Жамбыл облысының Шу, Қордай, Меркі, Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Талас, Сарысу аудандарынан және Тастанбек Асқарбекұлының ауылы ОҚОның Созақ ауданының Қызыл көл елді мекенінен командалар қатысты.

1995-1998 жыл арасындағы 200ден аса қыз-балалар бірнеше салмақ дәрежесінде күресті. Кір тасын көтеруден ұлдар арасында бес салмақ дәрежесінде, қол күресінен қыздар арасында бес салмақ, ұлдар арасында сегіз салмақ дәрежесінде сайысқа сыйлықтар тағайындалды.

Тараздық спортшылар мінген автобустың техникалық ақауына байланысты турнир белгіленген уақыттан сәл кешігіп басталды.

Сарысу ауданында алғаш рет өткізілген бұл іс шараны салтанатты түрде аудан әкімі Мәдібек Қанатбек ашып берді.

 

Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, ойда жүрген идеяларды маслихаттасып, ортақ бір шешімге келіп, жоспар құрып, жаз айларында қызу дайындық басталған.

 Үлкен бәйге өз мәресіне жеткенде, иықтан күш түсіп, бір жеңілдеп қалдық.

 

DSC02922
DSC02960
DSC02966

Explore posts in the same categories: Шаршауыңды басатын, таныс бол, шырайыңды ашатын

Пікір қалдыру