“Қоғамдық көлік 2″


Бүгін кешкі (26.10.2010) сағат 18:10 шамасында жұмыстан шыға сала, аялдамаға үйрене бастаған әдетімше, жеделтедіп жетіп бардым. Бүгін Абылай хан көшесі неге екені белгісіз, көліктермен кептеліп тұр. Әлі тұрмын, әлі тұрмын автобусым келетін түрі жоқ, қарап тұрғанша Мақатаев көшесінің бойынан отырайын автобусқа деп жаяулатып төмен қарай түсе бастадым. Мақатаевтың бойынан жүретін «32» нөмірлі автобусқа міндім. «Махаббат стенаға тақап ап, стенаға тақамаса оның несі махабат» деген сияқты жағдайға тап болдым. Автобусқа алдыңғы есіктен мінген едім, адам лық толы екен. Панфилов көшесінің қиылысынан бастап сонау Райымбек даңғылын қиып өтіп Сүйінбай даңғылының бірінші аялдамасына жеткенге дейін, есікке «махаббатсыз тақалып» тұрдым. Бүйткен тақалуы құрысын )))

Explore posts in the same categories: жеке ойым

Ілмектер: , , , , , ,

You can comment below, or link to this permanent URL from your own site.

11 пікір on ““Қоғамдық көлік 2″”


  1. Соңғы рет Алматыда болған кезде тоқтаған үйім мен жұмыс арасы қашық болған.
    Автобуспен қатынау керек болды, құдай басқа бермесін неткен ұзақ жол (Мені кім танид десеңш алматта, кондуктор шал-кемпір кеатыр орын берик дегенге орын беріп, терезеден көз алмай теріс қарап отырудың орнына) пробка болмағанның өзінде жеткізбейді ғой, сағат жарым түргеліп тұрған соң шыдам бітіп, қалған жолға таксимен кеттім.

  2. Меру Says:

    таңертең де солай)) сосын троллейбус жақс адам көп бола бермит)))

  3. Kaldykyz Says:

    Соған таза ауаны жұтып жаяу барсам, 4-ақ аялдама екен, бірәқ жаяу жүруге үйренбеген аяқтарды аяп автобуста 2 есе қиналып жүрмін.

  4. Kaldykyz Says:

    Таңертең таксимен, болмаса автобуспен барамын (кептеліссіз тез-ақ жетемін). Күйдіретіні кешке ғой!

  5. ken Says:

    такси-1, такси2-, такси-3 дегендеріңа қарап, сені үнемі таксимен жүреді екен десем.
    өзіміз екенсің ғой

  6. Kaldykyz Says:

    Таңертең жұмысқа жеткенше, және кешке Талғарға жеткенше таксимен жүремін. Басқа уақытта дайын көлік болмаса, автобуспен жүруге тура келіп тұр.

  7. qisyq Says:

    Қалдықыз, мұндай аянышты жазбалар жаза берсең, бір күні мен саған арналған үкіметтік емес ұйым – қоғамдық қор құрамын бар ғо…)

  8. Айжан Says:

    иә, блоггерлер жұмыла Қалдықызға машина алып берейік:)

  9. Kaldykyz Says:

    Жөғей, рахмет! Жақын арада өзім алайын деп жатырмын машина, ниеттеріңе рахмет! Әркім өзіне машинаны өзі сатып алсын )))


  10. Мен үйіме дейін 1/30 сағат жүрем автобуста ))

  11. Kaldykyz Says:

    Бұлай бола беретін болса, автобусқа пропискаға тұру керек шығар )))
    Әйтпесе Алматыда адам жылдан жылға көбейіп, автобустар болса созылмалы емес екенін ескеріп, регистірленіп алған дұрыс деп ойлаймын )


Пікір қалдыру