Posted tagged ‘тоннель’

Ең бастысы бас аман, қалғаны келер-кетер

29/01/2011

Өткен аптадағы сенбілік минибаркемптен соң, сыртқа шықсақ далада қар борап тұр екен. Қалада әлі қар тазарту жұмыстары басталмапты, ал Алматы-Талғар тасжолын жақсылап тұрып тазалап жүр екен. Менің өткен жолғы жазбамды биліктегілер оқыған-оқымағанын білмедім, бірәқ дұғаларым 7 қабат көкке жеткен сияқты. Тіпә-тіпә дүйсенбі таңертең тасжолға құм сеуіп, қарын сүріп жүр екен. Ал Алматыда қар жауған күйі әлі жатыр, тіпті жолдарымыз мұз. Дүйсенбі кешкісін жұмыстан қайтып бара жатқанда «Саяхат» автовокзалының маңындағы жол айырығындағы тоннельден шыға берісте мәшинеміз мұзға тайғанап жолды екіге бөліп тұрған темір-труба қорғанға соғылып, сырылып барып алдымыздағы Лексус мәшинесін сырып, мәшине әзер тоқтады. (толығырақ…)